Астанада 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы баскетболдан Азия кубогының іріктеу турнирі аяқталды.
ҚР ҰОК мәліметінше, Орталық Азия елдері арасындағы іріктеуге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан құрамалары қатысты.
Біздің команда алғашқы ойында Қырғызстанды 75:34 есебімен жеңді. Шешуші кездесуде қазақстандықтар Өзбекстаннан басым түсті — 89:41.
Осылайша, Қазақстан бірінші орынды иеленіп, биылғы жылдың қыркүйек айында Таиландта өтетін Азия кубогына жолдама алды.
Айта кетейік, Моңғолияның Улан-Батор қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде қазақстандық екі боксшы жарыс жолынан шығып қалды.
