Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Ернұр Фидахметов Венгрияның Будапешт қаласында өткен беделді халықаралық рейтингтік турнирде күміс жүлдегер атанды.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол Қырғызстан өкілі, екі дүркін әлем чемпионы Жоламан Шаршенбековпен белдесуі тиіс болған. Алайда алған жарақатына байланысты Ернұр шешуші белдесуге шыға алмай, жарысты күміс медальмен аяқтады.
Финалға дейін Ернұр Фидахметов мынадай қарсыластарын жеңді:
- 1/8 финал: Ернұр Фидахметов – Анвар Аллахияров (Ресей) – 6:3
- 1/4 финал: Ернұр Фидахметов – Мехрой Бахрамов (Өзбекстан) – 2:1
- 1/2 финал: Ернұр Фидахметов – Ербол Камалиев (Қазақстан) – 10:6
Финал:
- Ернұр Фидахметов – Жоламан Шаршенбеков (Қырғызстан) – жарақатына байланысты белдесуге шықпады.
Айта кетейік, Имре Пойяк, Янош Варга және Иштван Козма атындағы халықаралық рейтингтік турнир Будапештте 15–19 шілде аралығында өтті.
