«Өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі былтыр 24,6 млрд теңгені құрады. Аудан аумағында орналасқан индустриалды аймақта 5 жоба іске асырылып, жалпы 5,16 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Атап айтқанда, «ZHANASSYL» ЖШС-ң мақта өңдеу зауыты, жылдық қуаттылығы — 65 мың тонна мақта талшығын өңдеуге қауқарлы. Жалпы құны — 2,5 млрд теңге, ашылған жұмыс орны — 150 адам. «Серік бизнес құрылыс» ЖШС-ң асфальт-темірбетон өңдеу зауыты. Кәсіпорында 30 адам жұмыспен қамтылған. «BEGASH» ЖШС-ң пластикалық құбыр шығару зауыты 2026 жылдың соңында ашылады. Сонымен қатар, Жамбыл ауылдық округінде 100 гектар аумақта арнайы экономикалық аймақ құрылды. Оның 50 гектары — Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы «Орталық Азия» халықаралық өндірістік кооперация орталығына берілген. Қалған аумақта жалпы құны 185,1 млрд теңгені құрайтын 7 өндірістік жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 1 200 жаңа жұмыс ашылады деп күтілуде. Өндіріс орындарын 2029 жылға дейін кезең-кезеңімен іске асыру көзделіп отыр» — деді аудан басшысы.
